09 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №1065 

266 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
2015 жылғы 25 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2015 жылға қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №149 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2015 жылға қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 149 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 84-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1065 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №149 қаулысына қосымша Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2015 жылға қаражат бөлу Р/с № Іс-шаралардың атауы Жауапты мемлекеттік органдар Сома, мың теңге 1 2 3 4 5.1.1-мақсат. Қауіпті мінез-құлық факторларын бақылау профилактикасы және оны күшейтуге кешендік ұстаным арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру 1 Бұқаралық спорт түрлері бойынша жыл сайын салалық спартакиадалар ұйымдастыру және өткізу МСМ 57 196 2 Республикалық деңгейде денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелеріне арналған мемлекеттік және орыс тілдерінде 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік телевизиялық бағдарламасын жасау ИДМ 64 500 5.1.2-мақсат. Халықтың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету және тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасы 3 Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттау науқанын жүргізу ДСӘДМ 12 600 4 Халықтың дұрыс тамақтану дағдыларын және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қалыптастыру ДСӘДМ 49 917 5 Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша бейне және аудиороликтер шығару ИДМ 2 220 5.1.4-мақсат. Жол-көлік жарақаттанушылығы және одан болатын өлімді төмендету 6 Жол қауіпсіздігі проблемалары бойынша қоғамдық пікірге мониторинг жүргізу ІІМ 1 669 7 Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша әлеуметтік роликтер дайындау және орталық, республикалық телеарналарда олардың прокатын қамтамасыз ету ІІМ 24 720 8 Жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша республикалық телеарнада мамандандырылған бағдарлама әзірлеу ІІМ 16 700 9 Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары бойынша буклеттер, ақпараттық материалдар шығару ІІМ 6 650 5.1.5-мақсат. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды төмендету 10 Трассада шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету бойынша 40 трассалық пункттің жұмыс істеуі ІІМ 787 373 11 Санитариялық тікұшақтарды пайдалануды қамтамасыз ету үшін 2 ангар сатып алу ІІМ 57 848 5.1.6-мақсат. Пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылықтың және одан болатын өлім деңгейін төмендету 12 АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша жұмыс істейтін ҮЕҮ әлеуетін арттыру, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс- қимылды нығайту ДСӘДМ 1 425 13 Қамауда ұстау орындарында АИТВ инфекциясының профилактикасы бағдарламасын іске асыру және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларын енгізу. Бас бостандығынан айыру орындарында АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес үшін ҮЕҮ әлеуетін дамыту* ДСӘДМ 32 724 оның ішінде: Ақмола облысы 2 709 Ақтөбе облысы 1 921 Алматы облысы 2 544 Атырау облысы 506 Шығыс Қазақстан облысы 4 145 Жамбыл облысы 2 661 Батыс Қазақстан облысы 1 205 Қарағанды облысы 4 279 Қостанай облысы 2 581 Қызылорда облысы 907 Маңғыстау облысы 1 315 Павлодар облысы 1 500 Солтүстік Қазақстан облысы 2 160 Оңтүстік Қазақстан облысы 1 359 Алматы қаласы 894 Астана қаласы 2 038 Барлығы 1 115 542 Ескертпе: * Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар мен одан босап шыққан адамдар арасында АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті уәкілетті денсаулық сақтау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Аббревиатуралардың толық жазылуы: ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ҮЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар